Қ.Қасымов: Ақтөбедегі оқиға - терроризм
«Біз мұның террористік акті екендігін мойындаймыз. Сондықтан да заңға сәйкес бұл деңгей (лаңкестік қауіптің қызыл деңгейі автор ескертуі) енгізілген еді. барлық күш-қуат құрылымдары күшейтілген нұсқаға көшірілді. Біз барлық нысандарды күзетуге көштік. Бұл нұсқаға сәйкес бірқатар қоғамдық, көңіл көтеру орындарының жұмыстары тоқтатылды», - деді ол Үкімет отырысы аясында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берген ол.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта Ақтөбеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары басқаратын штаб жұмыс істейді. Сонымен қатар министр штаб жұмысына және лаңкестікке қарсы операцияларға қажетті күш те, құрал-жабдық та жеткілікті.
«Біз көпшілікті жұмылдырған жоқпыз. Арнайы мақсаттағы бірнеше сарбаз ғана жұмылдырылды. Ал жалпы Ақтөбе өз күшімен де толық әрекет ете алады», - деді ол.