«Қаржы орталықтарының бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі жаһандық индекс бар. Олардың әлемдегі саны - 83. Алматы қаласы осы индексте 58-ші орында тұрып, Мәскеу, Варшава, Манила секілді қаржы орталықтарынан басып озды. Осының өзі көрсеткіштің жағымды екенін аңғартады, алайда біз әлі де ауқымды жұмыстарды атқаруымыз керек», - деді ҰБ төрағасы.
Оның айтуынша, алдағы міндет бойынша Алматы Азиядағы ірі қаржы орталықтарының ондығына кіруі керек.
«Әрине, біз Азиядағы индекстік көрсеткіш бойынша 13-ші орында тұрмыз. Сол тұрғыдан алғанда, міндетті толық орындауға мүмкіндік баршылық», - деді Қ.Келімбетов.