«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері әдеттегідей мемлекеттік құнды қағаздар мен квазимемлекеттік сектордағы ұйымдардың құнды қағаздарын сатып алуға бағытталады. Сондай-ақ, кей бөлігі екінші деңгейлі банктерде 5-10 жылдық мерзімге депозит ашылып, соған салынады. Қордың табыстылығын әртараптандыруға септесетін өзге де құралдар пайдаланылады», - деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов.
Бас банкирдің айтуынша, жақында Ұлттық банк БЖЗҚ активтерін инвестициялау туралы концепция әзірлеуді аяқтап, кеңейтілген отырыста таныстыратын болады.