Қ. Келімбетов қазақстандықтарға депозиттерді теңгемен сақтауға кеңес берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов қазақстандықтарға банк жинақтарын отандық валютада сақтауға кеңес берді, деп хабарлайды primeminister.kz.

«Депозиттеріңді шешіп, долларға ауыстыруға асықпаңыздар. Депозиттерді банктерден теңгемен шешсеңіздер, халық кірістілігін жоғалтады. Банктер депозиттер бойынша 10% тиімді мөлшерлемелер ұсынады. Ақшаны банкте сақтау керек. Кез келген отбасы үшін ең қауіпсізі сол», - деді Қ.Келімбетов ОКҚ брифингінде.

Ұлттық банк басшысы орташа мерзімдік перспективада валюта айырбастау бағамының жаңа деңгейі 2-3 теңге диапазон ауытқумен бір долларға 185 теңге деңгейінде қалатынын айтып, сендірді.

Сонымен қатар, ол таяу арада валюта айырбастау пункттеріндегі, дүкендердегі, мұнай өнімдері нарықтарында жағдай тұрақталады, сонда «Ұлттық банк пен Үкіметтің экономикалық саясатында дұрыс қадам болғаны» түсінікті болатынын атап өтті.

Оның бағалауынша қалыптасқан жағдайда доллар бағамын арттыру туралы шешім қабылдағанға дейін күтілген қарқынмен өспейді, экспорттық әлеует артады, төлем балансы оңалады, еліміздің экономикалық өсімі 6%-дан асады.

Ұлттық валютаны әлсірету нәтижесінде Қ.Келімбетов атап өткендей «көптеген жұмыс орындары құрылады, сондай-ақ салық түсімдерінің артуы күтілуде, соның арқасында Үкімет және Парламент әлеуметтік бағдарламалар жүргізуге көбірек мүмкіндікке ие болады».