Бұл тапсырманы ол бүгін аталған министрліктің 2011 жылдағы негізгі нәтижелері мен 2012 жылғы міндеттеріне арналған алқа мәжілісінде берді.
Қ.Келімбетовтің атап өтуінше, таяудағы екі апта бюджетті қалыптастыруға арналса, ақпан айының екінші жартысынан бастап оны ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қарауына енгізу қажет. «Осыған орай министрлік үшкүндік мерзімде 2012 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштерді бағалауды нақтылау және сәйкесінше республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізуі тиісті», - деді ол.
Сонымен қатар, ол аталған шаралармен қатар 2013-2015 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру процессі басталатындығын атап өтті.