Қ.Келімбетов теңге бағамы өзгеруінің негізгі факторын атады

АЛМАТЫ - ҚазАқпарат - Бүгінде маңызды факторлардың бірі - әлемдік тұрлаусыздық - дамушы елдер валютасының құлдырауы. Алайда ҚР сауда серіктестері елдеріндегі экономикалық даму жөніндегі пессимистік болжамдар одан да зор маңызға ие.

Бүгін Алматыда БАҚ өкілдерімен кездескен ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов осылай мәлім етті.

«Өткен аптада мұнай бағасына назар аудару керектігін айтқанбыз. Бүгін ол жоғары деңгейде. Қайталап айтамын, біз нақты 2 факторды қарастырған жоқпыз. Біз, рубль бағамы мен мұнай бағасын қарастырдық. Жалпы әлемдегі макроэкономикалық жағдай бағамдалады», - деді Қ.Келімбетов. Сондай-ақ ол Қазақстан үшін әлемдегі жағдай негізінен аталған 2 фактордың, бірақ бұған өзге де жайттардың әсері аз еместігін айта кетті.