Қыбырай Рыспанбетов 1921 жылы Талас ауданы, Көшек ауылында дүниеге келді. Соғысқа дейін Ленин атындағы колхозда колхозшы болып еңбек етті. 1942 жылы қаңтарда майдан даласына аттанды. Онда 2 запастағы атқыштар полкінде, 1943 жылы 45 - ші атқыштар полкінен Ленинград қаласындағы ұрысқа қатысты. 1945 жылы қыркүйекте 160 - атқыштар полкында болып, жарақаттануына байланысты әскерден босатылды. 1945 жылы елге оралып, Ленин атындағы колхозда колхозшы, ферма меңгерушісі болған 1-ші, 2-ші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ленинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» және тағы да басқа медальдармен марапатталған. Бар саналы ғұмырын адал еңбекке арнаған ақсақал бүгінде немере, шөберелерінің қызығын көріп отыр.
Қарт майдангер мерейлі мерекеде өзін арнайы құттықтаған облыс әкіміне алғысын білдіріп, жүрекжарды тілегін жеткізді.