"Р амазан айы мұсылмандардың үлкен мерекесі. Бұл ислам жолын ұстаған күллі мұсылман қауымы үшін жақсылықтар айы, рухани жаңару айы. Қасиетті айда тілеген тілектеріңіз, оқыған дұғаларыңыз қабыл болсын. Тағы бір айта кетерлігі, үш күн айттан кейін «Ақмешіт-Сырдария» мешітіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мешіттің кіреберісі ұлттық нақышта безендірілетін болады", - деді аймақ басшысы Қ.Көшербаев.
Қасиетті айда аймақта игі істер атқарылып, түрлі шаралар ұйымдастырылды. Бір ай бойы мешіттерде ауызашар беріліп, тарауих намазынан кейін жамағатқа тегін автобус қызметі көрсетілді. Барлық аудандар мен облыс орталығында уағыз айтудан, Рамазан айы туралы мақала жазудан бәсекелер ұйымдастырылды.
Айт намазынан кейін түрлі спорттық сайыстар өткізілді. Гір көтеру, арқан тарту, күрестен мықтылар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.