Қ.Көшербаев:Біз, барлығымыз - Конституция авторымыз

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймақ тұрғындарын Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады.

«Құрметті қызылордалықтар! Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығын атап өтудеміз. Сіздерді осы мерекемен құттықтаймын!

Осыдан тура жиырма жыл бұрын, 1995 жылы 30 тамыз күні Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің жасампаз жаңа дәуірге қадам басқаны белгілі. Осылайша біз, барлығымыз оның авторы болып табыламыз деп айтуға негіз бар.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Патриот болу дегеніміз өз Отанын шынайы сүюді білдіреді. Тілі мен түп-тамырын, тегін білмей тұрып, нағыз патриот болу мүмкін емес» деген болатын.

Жиырма жылда тәуелсіз мемлекет талай жетістіктерге жетті. Мемлекет пен қоғамның әрі қарай дамуына берік негіз қаладық. Бірігіп әлемдік аренада беделді болып саналатын жаңа егеменді ел құрдық. Бұл ұзақ жолдың басы ғана!

Құрметті жерлестер!

Сіздерге бейбітшілік пен жақсылық, жаңа жетістіктер мен барлық жақсылықты тілеуге рұқсат етіңіздер!» - делінген Қырымбек Көшербаевтың құттықтау сөзінде.