Қ. Көшербаев Қызылорда облысының еңбек озаттарына көлік тарту етті

None
ҚЫЗЫЛОРДА.13 қазан. ҚазАқпарат - Кеше Қызылорда ауыл шаруашылығы саласы мен өндіріс озаттары марапатталды. Биыл Сыр диқандары егін жинау жұмыстарын табысты қорытындыланды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Сыр бойында 157,2 мың га жерге егілген ауыл шаруашылығы дақылдары толығымен жиналды. Күріштен 360,8 мың тонна өнім өндіріліп, бастапқы салмақта орта өнім гектарына 48,8 центнерді құрады. Дала еңбеккерлері егіннің басқа түрлерін де төкпей-шашпай жинап алды», - делінген хабарламада. «Ауыл шаруашылығының дамуы облыс үшін өте маңызды. Аймағымызда күріш және балық шаруашылықтарын дамыту бағытында тиісті кластерлер құрылды. Елбасы ауылдық елді мекендердің әлеуетін арттыруға әрдайым көңіл бөліп келеді. Бізде үлгі етуге тұрарлық шаруашылықтар мен ауылдар бар, бірақ олар санаулы. Біз енді тірек елді мекендерін дамытуға көңіл бөліп отырмыз, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жиын-терімге арналған жиында. Н.Бекежанов атындағы театрда өткен салтанатты шарада диқандарды күзгі жиын-терімнің сәтті аяқталуымен құттықтаған өңір басшысы 29 сала үздігін арнайы номинациялармен марапаттады. Қазалылық Омар Сәрсенбаев «Озат жатка машинисі», аралдық Сырым Қожбанов «Озат жылқышы», сырдариялық Батырхан Кеңесұлы «Озат түйеші», қармақшылық Виктор Кан «Озат бригадир» атанды. Номинация иелеріне Қ.Көшербаев бағалы және қаржылай сыйлықтар, сондай-ақ автокөлік кілттерін табыстады. Сол сияқты Амангелді Ахметов, Сәлима Жұмабекова, Шамантай Әбжанов секілді Социалистік Еңбек Ерлеріне темір тұлпар тарту етілдіі. Ауыл шаруашылығы жылының қорытындысы бойынша Сырдария ауданы, ал егін шаруашылығы бойынша Жалағаш ауданы І орынды иеленді. Ал Жаңақорған мал шаруашылығы саласы бойынша озат деп танылды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде Қазалы ауданы тұғыр биігінен көрінді. Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.