Айта кету керек, қазір жұмыс жасап тұрған ескі емхананың әбден тозығы жеткен. Кенттегі халықтың саны да жыл өткен сайын артып келеді. Тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында өткен жылы облыстық бюджет есебінен қаржы бөлініп, емхананың құрылысы басталған болатын.
Жаңа ғимараттың бірінші қабатының құрылысы аяқталды. Құрылысшылар екінші қабаттың жұмыстарына кірісті. Құрылыс алаңында тұрғындармен жүздескен облыс әкімі мердігерге нысанды мерзімінде, сапалы аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, кентте жеке кәсіпкердің қаржысына «Достар» кешені салынуда. Құрылысы біткенде 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Кешенді Жеңіс мерекесі қарсаңында ашу жоспарланған.