Қ.Қожамжаров ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды

None
АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қ.П.Қожамжаровты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қ.П.Қожамжаровты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындау туралы" Жарлығы

Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Ақмола облысының әкімі қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 22 қаңтар

№ 481