Кездесу барысында конфессияаралық келісімді нығайтуда, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуда Рим-католик шіркеуінің оң рөлі атап өтілді.
Астана қаласындағы Рим-католик архиепархиясының митрополиті Томаш Пэта Дін істері жөніндегі агенттіктің жауапты тұлғаларын және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерін Астанада 16-18 қыркүйек күндері өтетін Сенім, отбасы және өмір туралы Азиялық-тынықмұхиттық 18-конгреске қатысуға шақырды.
Бұл конгресс Орталық Азияда алғаш рет өткізілмек және Рим Папасы Иоанн Павел ІІ-нің Қазақстанға тарихи сапарының 10 жылдығына орайластырылып отыр.
Конгреске қатысушылар «Адам өміріне қарсы жаһандық бағдарлама», «Бала көтертпейтін құралдар - өмірге қауіп», «Түсік - осы заманғы геноцид», «Экстрокорпоративтік ұрықтандыру және басқа да репродуктивтік технологиялар: этикалық және моральдық мәселелер», Суррогаттық аналық және рухани бала асырап алу», «Әрбір балаға - үй. Өмірді қорғаудың жаһандық жобасы» және басқа да тақырыптарды талқыламақ.