Аталған медальмен Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге, еліміздің Тәуелсіздігін, Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға елеулі үлес қосқан азаматтар Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын мерекелеуге байланысты марапатталады.
Мемлекет басшысының тиісті №59 Жарлығына 2015 жылғы 5 тамызда қол қойылған.