«Сот жүйесін үздік кадрлармен қамтамыз ету мәселесі біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болып қала береді», - деп атап өтті ол.
Осы орайда Жоғарғы сот төрағасы аудандық деңгейден бастап Жоғарғы сотқа дейін әр судьяның кәсіби білімі мен жеке басына қойылатын талаптарды арттыру қажеттігін баса айтты.
«Қызметке тағайындау және кадр резервін қалыптастыруда жеке рейтингті анықтау үшін судьялар арасында жасырын сауалнама жүргізу мүмкіндігін қарастырған да орынды. Мұны тіпті тағайындау және кадр резервін қалыптастыру кезінде де пайдалануға болады», - деді Қ.Мәми.