деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қылмыстық топтардың ұйымдастырушылары мен жетекшілерін анықтауда және олардың табысының заңдастырылуының жолын кесуде тиісті шараларды қабылдау қажет», деді Бас Прокурор.
Осы орайда Қ. Мәми бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіру үшін құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен, әсіресе жергілікті жерлердегі ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылдар тиісті деңгейде болуы керек екенін айтып өтті.
«Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың күш-жігері құқықбұзушылықтың жолын кесіп, негізінен сауықтыру шараларына бағытталуы тиіс», деді Бас Прокурор.