Қ.Мәмидің төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысы болды

None
ТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысында 29 қыркүйекте болатын палатаның кезекті жалпы отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар талқыланды.

Таяудағы отырыста «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің жобасы бірінші оқылымда талқыланатын болды.

Сондай-ақ бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралады.

Одан басқа депутаттар талқысына «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» заң жобасы ұсынылады, ал «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.