К.Мәсімов әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыруға және автоматтандыруға тапсырма берді
Атап айтқанда, Үкімет басшысы ҚР Ішкі істер министрлігіне 2012 жылдың 3 тоқсанының соңына дейін электронды үкімет компоненттерімен одан әрі ықпалдастыру арқылы көлік құралдары және жүргізуші куәлігі бойынша орталықтандырылған мәліметтер базасын құруды, наурыздың соңына дейін Кеден комитетімен бірлесіп, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында автомобильдерді кедендік тіркеу процедуралары бойынша ұсыныс енгізуді, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп мамандандырылған ХҚКО-лардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.
«Барлық мемлекеттік органдар электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша қажетті іс-шараларды ұйымдастырсын», - деді Премьер-Министр.