К.Мәсімов әлеуметтік желілердегі «Тәуелсіздік туралы 20 дерек» жобасына көңіл аударуға шақырды

None
ТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Қымбатты достар! 27 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін Республика тәуелсіздігінің мерейтойын мерекелеу қарсаңында «Тәуелсіздік туралы 20 дерек» жобасы басталады».

Бұл туралы ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов өзінің Facebook және Vkontakte сайттарындағы парақшаларында жазды.

2011 жыл - Қазақстан Тәуелсіздігінің дамуындағы тарихи шеп, өткен жиырма жылдың қорытындысын шығаратын, жарқын болашаққа көз жіберетін уақыт.

Жоба ауқымында Қазақстан туралы ең қызықты: ел тарихындағы елеулі деректерді, Тәуелсіздіктің атаулы күндерін және басқа да көптеген жаңалықтарды оқыңыздар.

Егемендіктің 20 жылы сіздің өміріңізге қандай өзгерістер әкелгенін, Тәуелсіздік сіздің өзіңізге не бергені туралы бізге әңгімелеңіздер. Жобаның соңында таңдаулы түсіндірмелер ескерткіш жүлделермен атап өтілетін болады.

Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілеріндегі және Қазақстан Премьер-Министрінің http://pm.kz ресми сайтындағы «Тәуелсіздік туралы 20 дерек» жобасына көңіл аударыңыздар.