К.Мәсімов Байқоңыр қаласындағы перзентханада болды
15:27, 07 Шілде 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Байқоңыр қаласындағы перзентханада болды, деп хабарлады Pm.kz.
«Медицина мен білім беру саласы Байқоңырда қазақстандық стандартқа ауысты», - деп жазды ҚР Премьер-Министрі өзінің туиттердегі аккаунтында.
Медициналық мекеменің жұмысы туралы Кәрім Мәсімовке денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы баяндады.
А. Цой атап өткендей, арнайы емдеу мекемесі бір ауысымда 100 келушіге есептелген консультативтік-диагностикалық емханасы бар 120 төсек-орындық көпбейінді қалалық аурухана болып табылады.