К.Мәсімов Білім министріне Ақтөбеде ҰБТ-ның дұрыс өтуін бақылауға алуды тапсырды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке Ақтөбеде ұлттық бірыңғай тестілеудің дұрыс өтуін бақылауға алуды тапсырды.

«Кеше кешкісін балалардың қауіпсіздігі үшін екі пункттегі Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мерзімін 7 маусымға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Ата-аналар мен ұстаздарға қажетті мәліметтер берілді. Барлық пункттерде ҰБТ штаттық режімде жүргізілу үстінде. Егер сіздің тарабыңыздан тапсырма болатын болса, онда мен Ақтөбеге өзім барып, жағдайды бақылауға аламын», - деді министр ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке қарата.

«Барыңыз, жиналыстан кейін ұшып кетіңіз. Облыс әкімімен бірлесіп, бұл мәселені бақылауға алыңыз»,-  деді Үкімет басшысы.