«Біз нарықтық бәсекелестік экономика жағдайында өмір сүріп жатқандықтан, бәсекеге қабілеттілік мәселелері бірінші орында тұр»,-деді ол.
Осы орайда Үкімет басшысы 50 бесекеге қабілетті елдердің қатарына ену бағытында жұмыс істеу маңызды екенін айтып өтті. Өкінішке қарай, дағдарыс кезеңінде бұл белеске жетуде кейбір кедергілер болғанына тоқталған К. Мәсімов, «қазіргі кезде біздің жұмыс енді бұдан ары қарай дамуға негізделген»,-деді.
Сонымен қатар Премьер-Министр еліміздегі қор нарығын дамыту мәселесіне тоқталып өтті. Осы орайда К. Мәсімов Қазақстанда халықтық IPO бойынша арнайы бағдарлама әзірленіп жатқындығын жеткізді.
IPO (ағылшын. Initial Public Offering) - халыққа компаниялардың акцияларын бұқаралық түрде сатуға ұсыну