К. Мәсімов: Энергия тиімділігі Қазақстанның индустрияландыру бағытында негізгі мәселе

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Энергия тиімділігі Қазақстанның индустрияландыру бағытында негізгі мәселе болып табылады.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.

Атап айтқанда Үкімет басшысы индустрияландыру және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламалары аясында Қазақстанда энергия үнемдеу мәселесі бірінші орында тұруы тиіс екендігін қадап айтты.

К. Мәсімов бұл Елбасының тікелей тапсырмасы екеніне тоқтала келе:«Бұл тұрғыдағы мәселелер өте қатаң бақылануы тиіс. Осы орайда барлық әкімдердің индустрияландыру бағдарламасы аясындағы барлық нысандарды қарап шығуын тапсырамын. Себебі, бізде энергия тиімділігі өте төмен деңгейде тұр. Қателеспесем, бұл көрсеткіштер Еуропалық Одаққа қарағанда 5 есеге кем»,-деп түйіндеді.