«Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, Елбасының тапсырмасы бойынша Ақтөбе облысына сапарыма тоқтала кеткім келеді. Менің ойымша, бүгінгі күні халықты ең бірінші кезекте қауіпсіздік мәселесі толғандырады. Бұған дейін, халық негізінен баспана мәселесіне, суға, газға қатысты тарифтерге, азық-түлік мәселесіне назар аударып келсе, қазір жұртты елдің ішкі қауіпсіздігі толғандыратыны анық білініп отыр», - деді К. Мәсімов.
Осыған орай, Үкімет басшысы Елбасының тапсырмасына сәйкес, жұмыс тобы құрылғанын атап өтті. «Алдағы уақытта біз арнаулы органдар мен құқық қорғау органдарының мүмкіндіктерін толық қамтамасыз ету бағытында заңнамалық және бірқатар ресурстық өзгерістер бойынша Парламентке келетін боламыз. Қазақстан азаматтары өздерінің өмірі мемлекет тарапынан қорғалатынына сенімді болуы керек. Біз осыны қамтамасыз ететін боламыз», деді К. Мәсімов.