К.Мәсімов Қарағанды әуежайының жұмысымен танысты
12:41, 27 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысында жұмыс сапары барысында өңірдің әуежайының жұмысымен танысты. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты хабарлады.
Сондай-ақ, К.Мәсімов көліктік инфрақұрылым нысандарындағы қауіпсіздікті ұйымдастыру бойынша шаралар туралы мәліметті тыңдады.