К.Мәсімов Каспий теңізі қайраңын игеруге пайдаланылатын өзен портын көрді - Атырау облысы
12:40, 18 Маусым 2010
АТЫРАУ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - ҚР Премьер-Министрінің Атырау облысына жасаған сапары барысында көрген тағы бір нысан - Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі байлықтарды игеруге пайдаланылатын өзен порты болды.
Атырау өзен порты 1964 жылы құрылған болатын. Қазіргі таңда портта «Қашаған» теңіз кешені үшін 12 модульді құрастыруды өндіретін «Іскер» қазақстандық консорциумы мен итальяндық «Sкеmа» компаниясы бірлескен жобаны іске асырып жатыр. Тапсырыс беруші - «Аджип ККО» компаниясы.
Жобаның жүзеге асырылуы 2009 жылдың қарашасында басталған, ол 2010 жылдың желтоқсанында аяқталады. Нысанда жұмыс істейтін 1000 адамның 964-і - жергілікті мамандар.
Үкімет басшысына болашақта кеңейтіліп жатқан порттың қуаттылығы 200 инженерлік модульді құрастыруға мүмкіндік беретіндігі жайлы айтылды. Өзен портының қызметін аймақтағы барлық мұнай компаниялары пайдалана алады.