АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы барлық міндеттерді мүлтіксіз орындайтын боламыз. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынуымен кандидатурасы Премьер-Министр лауазымына бекітілген Кәрім Мәсімов ҚР Президентіне және депутаттарға осындай уәде берді.
«Елбасының сенім білдіруі мен үшін зор мәртебе және үлкен жауапкершілік. Мен, Сіз артқан зор сенімді ақтауға бар күш-жігерімді аямаймын. Сіз жүктеген міндеттерді орындауға бар білімім мен тәжірибемді жұмсаймын. Елімізді өркендетуге аянбай еңбек етемін. «Қазақстан-2050» Стратегиясы - Сіз айқындап берген ең мәртебелі, ең айқын жол. Стратегиядағы барлық міндеттерді мүлтіксіз орындаймыз», - деді К.Мәсімов.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.