К. Мәсімов Көлік және коммуникация министрлігі ұжымына жаңа басшы Асқар Жұмағалиевті таныстырды

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Премеьр-Министрі Кәрім Мәсімов ведомство ұжымына жаңа Көлік және коммуникация министрін таныстырды.

Бұл лауазымға бұрынғы Байланыс және ақпарат министрі А.Жұмағалиев тағайындалды.

 Бұдан бұрын хабарлағанымыздай,, 20 қаңтарда  Елбасының Жарлығымен Байланыс және ақпарат мимнистрлігі таратылған еді. Оның функциясы Көлік және коммуникация министрлігі мен Мәдениет министрлігіне жүктелді.