«Оның ішінде 50 автоклиниканы, 16 ұшақ, санитарлық авиация мен жол бойындағы медициналық-құтқару бекеттерін қалыптастыру мәселесі бар. Министрлікке Облыс басшыларымен, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып, 2015 жылға дейін аймақтарда 350 денсаулық сақтау ұйымдарының құрылысын жүргізу кестесі бойынша тиісті ұсыныстарды бір айдың ішінде Үкіметтің қарауына енгізуді тапсырамын», - деді К.Мәсімов.
13:51, 29 Қаңтар 2011
К.Мәсімов көліктік медицинаны дамыту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды
АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне елімізде көліктік медицинаны дамыту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеп, Үкіметтің қарауына енгізуді тапсырды.