К. Мәсімов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысты.

 «Жазғы демалыс алдындағы Парламент отырысы», - деп мәлімдеді К.Мәсімов өзінің твиттердегі аккаунтында.

Естеріңізге салсақ, бүгін жазғы демалыс алдындағы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтуде. 

Парламенттің VI шақырылымының бірінші сессиясы 100 күнге созылды, бұл парламенттік сессияның әдеттегі мерзімінің шамамен үштен бірін құрайды. Осы уақыт ішінде Парламент қарауында 42 заң жобасы болды, олардың 18-і - өткен шақырылымнан көшті, 24-і - сессия барысында түсті. Жеті заң жобасына депутаттардың өздері бастамашы болды.