«Өзіңе-өзің баға беру айтарлықтай қиын. Бірінші кезекте жұмысты Президент, Парламент және еліміздің халқы бағалауы тиіс», - деді Премьер-Министр.
Айта кетейік, биылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің өсімі 8 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ инфляция 4,4 пайыз деңгейінде.
«Менің пікірімше, жалпы Үкімет Елбасының тапсырмаларын нақты орындап отырған өте ұйымшыл команда. Кемшін тұстар бар, сынға алынып отырған Министрлер кабинеті мүшелері бар, алайда олар тырысып бағуда»,- деп атап өтті Үкімет басшысы. Осы орайда К. Мәсімов біреуінде жұмыстар жақсы, кейбіреуінде көрсеткіштер төмендеу болып жататынын, бірақ та атқарылған жұмыстардың жалпы көрсеткіші жақсы екенін жеткізді.