К.Мәсімов: ҚР Үкіметі қабылдаған шаралар қаржы секторын тұрақтандыруға және экономика рецессиясы қаупін жоюға мүмкіндік берді

None
ТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі қабылдаған шаралар қаржы секторын тұрақтандыруға және экономика рецессиясы қаупін жоюға мүмкіндік берді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының парламенттік фракциясы отырысында сөйлеген сөзінде айтты.

Кәрім Мәсімов әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың салдарын еңсеруге бағытталған шаралар туралы хабарлады.

Премьер-Министр «Қазақстан дағдарыс үдерістерінің теріс салдарын алғашқылардың бірі болып басынан кешірді және аздың бірі болып дағдарысқа қарсы нәтижелі қадамдар жасады», деп атап көрсетті.

2007-2008 жылдары тұрғын үй нысандарының құрылыстарын аяқтауға, шағын және орта бизнес жобаларына, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бюджеттен 400 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді.

Дағдарысқа қарсы бағдарламаға Ұлттық қордан жалпы есеппен 1,5 триллионнан астам теңге бөлінді. Үкімет қабылдаған шаралар қаржы секторын тұрақтандыруға және экономикаға төнген рецессия қаупін жоюға мүмкіндік берді.

«Қазақстанның банк секторының сыртқы қарызы 2007 жылғы 46 миллиард АҚШ долларынан 2011 жылдың наурыз айында 16,6 миллиард АҚШ долларына дейін қысқарды. Екінші деңгейлі банктердің сыртқы қарыздары 29,4 миллиард АҚШ долларына төмендеді. Ұлттық қордың активтері 2007 жылғы қаңтар айындағы 14,7 миллиард АҚШ долларынан 2011 жылдың тамыз айында 40,3 миллиард АҚШ доллары көлеміне дейін өсті. Және бұл тарихи дерек Мемлекет басшысының көрегендігін тағы да дәлелдеп отыр», - деп атап көрсетті Кәрім Мәсімов.

«Қол жеткізген жетістіктерге баға бере отырып, партияның Халықтың тұғырнамасының дағдарысқа дейінгі кезеңде әзірленіп, әлемдік дағдарыс жағдайында жүзеге асырылғанына қарамастан, оның маңызды көрсеткіштерінің орындалғанын айта аламыз», - деп атап көрсетті К.Мәсімов, деп хабарланды www.facebook.com:80/KMassimov сайтында.

Толығырақ http://pm.kz , сондай-ақ http://vkontakte.ru/kmassimov сайттарынан қараңыздар.