Бұл туралы ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Үлескерлердің тұрғын үй құрылыс нысандарын аяқтау мәселелері, сонымен қатар міндеттерін жауапсыз атқарған құрылысшылардың үлескерлерге тигізген залал мөлшерін жою үшін олардың активтерін қайтару жөніндегі мәселелер талқыланды.
К.Мәсімов құрылыс салушылардың шетелдерге заңсыз шығарып әкеткен мүліктері мен капиталдарды қайтару туралы мемлекеттік органдардың бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.