«Осы сәтті пайдаланып, сіздің еліңіздің тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймын. Біз шамамен бір мезгілде тәуелсіз мемлекет айналдық. Дегенмен, біздер бір-бірімізден алшақтамай қайта жақындаса түстік. Мұны біздің мемлекеттеріміздің мүмкіншілігі де паш етіп отыр. Мен литвалық бизнесті осы жерде өздерін үйде жүргендей сезіну үшін Қазақстанға шақырамын», - деді К.Мәсімов Литва Республикасының Премьер-Министрі Алгирдас Буткявичюске қарата.
Айта кетерлігі, бизнес-форумға екі тараптан екі жүзден астам бизнес өкілдері қатысуда. Форум қорытындысында екі елдің кәсіпкерлері арасында бірқатар меморандумға қол қойылады.