К.Мәсімов «Marubeni Corporation» басшысымен балама энергия жобаларын жүзеге асыру мәселесін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу аясында Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Marubeni Corporation директорлар кеңесінің төрағасы Теруо Асадамен кездесті, деп хабарлады primeminister.kz.

Әңгіме барысында энергетика, экономканың энергетикалық және көліктік салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту, баламалы энергия көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге әлеуеттің зор екенін атап өтіп, іскерлік қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделіліктерін жеткізді.