К.Мәсімов Павлодар облысының әкіміне табиғатты қорғау шараларын қаржыландыруды еселеуді тапсырды

None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа табиғатты қорғау іс-шараларын қаржыландыруды еселеуді міндеттеді.

«Экологияға назар аударатын кез келді және осы саланы қадағалау керек. Түйінді мәселелердің көп екенін түсінемін, бірақ экологияға ақша жұмсау керек», деді К.Мәсімов Ақсу ферроқорытпа зауытында болған кеңесте аймақ басшысына тапсырма беріп тұрып.

Осы кеңесте Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов мәлім еткендей, Қазақстанда зиянды қалдықтардың 85 пайызын 43 кәсіпорын шығарса, солардың 9-ы - Павлодар облысында орналасқан. Аймақтың экологиясына түсіп отырған салмақ өте ауыр, деді министр өз сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, Үкімет басшысы бүгін Павлодар облысында жұмыс сапарымен жүр.