К. Мәсімов пен А. Абдулла Қазақстан мен Ауғанстан арасында ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ауғанстанның Атқарушы билік басшысы Абдулла Абдулламен кездесті.

Кездесу барысында К.Мәсімов пен А.Абдулла сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективаларын талқылап, өңір қауіпсіздігі мәселелері бойынша пікір алмасты. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар мемлектаралық қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара іс-қимылды тереңдету жайлы айтты, деп жазады primeminister.kz.