К.Мәсімов пен ДСҰ бас директоры Р.Азеведо екіжақты қатынастарды дамытуды талқылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанға Астана экономикалық форумына қатысуға келген Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) бас директоры Роберто Азеведомен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты қатынастарды дамытуды талқылады.

Кәрім Мәсімов Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі біздің өңірдегі аса жағымды инвестициялық және іскерлік ахуалы бар тұрақты және болжалды серіктес болуға шынайы берілгендігіміз туралы халықаралық қоғамдастыққа нақты белгі болуы тиіс екенін айтып өтті.

Өз кезегінде ДСҰ бас директоры Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде атап өтілген Қазақстанның бизнес ахуалды жасқарту және инвестициялық тартымдылығын арттырудағы іс-қимылдарының тиімділігін атап өтіп, алдағы өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.