Кездесу барысында Үкімет басшысы мен Ресей астанасының мэрі екіжақты қарым-қатынасты нығайтудың бірқатар мәселелерін талқылады.
Кәрім Мәсімов Астана әкімдігі мен Мәскеу үкіметінің жаңа 2016-2018 жылдарға арналған Ынтымақтастық бағдарламасы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық деңгейін одан әрі дамытуға септігін тигізетінін атап өтті.