Рm.kz сайтында хабарланғандай, кездесу Н.Жустеннің Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуы қарсаңында өтті.
Әңгіме барысында Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы аясындағы Еуроодақпен келіссөзді аяқтау мәселесі талқыланды. Тараптар сондай-ақ, Еуроодақтың біздің еліміздің негізгі сауда серіктесі және инвесторы екенін атап көрсетті, инвестициялық климат және шетелдік азаматтарға Қазақстанға жұмыс істеуге рұқсат беру мәселелерін талқылады.