К.Мәсімов «Самұрық Қазына» ҰӘҚ-ның стратегиялық даму жобасын тиянақтауды тапсырды

None
АСТАНА. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат - Бүгін Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Минстрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

Отырыс барысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ -ның 2020 жылға дейінгі стратегиялық дамуының жобасы талқыланды. Қордың стратегиялық даму жобасы Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасы мен елдің 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын есепке ала отырып, дайындалуда.

Жобаны талқылау кезінде Директорлар кеңесінің төрағасы К.Мәсімов Қор дамуының стратегиялық бағыттарына қатысты мәселелерді шешуді тапсырды.

Сонымен қатар, Директорлар кеңесі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау үшін 2009 жылғы шілденің 1-і мен 2010 жылғы мамырдың 1-і аралығындағы кезеңге Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бөлген қаражаттың жұмсалуы туралы есебін тыңдап, «Самұрық Қазына» АҚ-ның үйді жалға беру туралы бағдарламасының жүзеге асырылу жағдайымен танысты.