К.Мәсімов вице-министрлерді тағайындады

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Үкіметте бірқатар тағайындауларды жүзеге асырды.

Бұл туралы Үкімет басшысы Twitter-дегі жеке парақшасында хабарлады.

«Скляр Роман Васильевичті Көлік және коммуникация вице-министрі, Шеңгелбаев Бахытжан Рахымұлын - Туризм және спорт вице-министрі, Сауранбаев Нұрлан Ермекұлын - Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, Ескендіров Абай Мұқашұлын - Экономикалық даму және сауда вице-министрі етіп тағайындадым», - деп хабарлады өзінің микроблогында К.Мәсімов.