К.Мәсімов жерасты суларды пайдалану әлеуетін арттыруды тапсырды

АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов елімізде тұрғын үй -коммуналдық шарушалықты дамыту бойынша жаңа бағдарламаны әзірлеп, сәуірдің 1-іне дейін Үкіметтің қарауына енгізуді тапсырды.

Бұл тапсырма ҚР Құрылыс және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттікке жүктелді. «Бізде бар бағдарламаны жаңа құжаттың негізі ретінде алу керек. Президенттің берген тапсырмаларын ескере отырып, оны тек толықтыру қажет», - деді К.Мәсімов. Сондай-ақ Үкімет басшысы тұрғын үй және коммуналдық нысандарды жөндеу жұмысын азаматтар мен жеке инвесторлардың қаржыландыру механизмі бойынша тиісті ұсыныстарды бір айдың көлемінде Үкіметтің қарауына енгізуді тапсырды. «Ал су шаруашылығына жеке инвестициялар тарту бойынша ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесе отырып, жерасты суларды пайдалану әлеуетін арттыруды тапсырамын», - деді К.Мәсімов