«Бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов еліміздің жалпы білім беретін мектептері мұғалімдерінің педагогтық шеберлігін дамыту Тұжырымдамасының жобасын талқылау бойынша жұмыс бабындағы кеңес өткізді», - деп жазылған оның Facebook-тегі парақшасында.
Сондай-ақ ол жерде Тұжырымдамада жетекші халықаралық қорлармен, университеттермен және колледждермен ынтымақтастықта педагогтарды даярлау сапасын және қайта даярлау біліктілігін арттыру бойынша бірқатар жүйелік шаралар, сондай-ақ Назарбаев интеллектуалдық мектептерінің тәжірибесін тарату көзделген деп жазылған.
Толық ақпаратты мына жерден оқи аласыздар: http://pm.kz .