К.Мәсімовтың Facebook пен Vkontakte-дегі парақшаларында Қ.Келімбетов пен А.Раудың баяндамаларының бейнежазбалары орналастырылды

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың Facebook пен Vkontakte-дегі парақшаларында Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов пен Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Раудың ел Премьер-Министрінің төрағалығымен өткізілген кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне арналған селекторлық кеңесте жасаған баяндамаларының бейнежазбалары орналастырылған.

Осыған дейін хабарланғандай, бүгін еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің, ұлттық компаниялардың басшыларының қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді.
Кеңес барысында «Экспорттаушы-2020», «Өнімділік-2020», «Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру» (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру), сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларын іске асыру барысы қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша Кәрім Мәсімов облыс әкімдеріне және өкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар берді.