К.Сағадиев: «Өмір өткелдері» кітабы - тағылымы өте мол өмір философиясы

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Өмір өткелдері» кітабы - тағылымы өте мол өмір философиясы. Бұл пікірді бүгін елордада аталған туындының тұсаукесер рәсіміне арналған салтанатты шарада академик Кенжеғали Сағадиев білдірді.

«Бұл тек қана өмірбаян немесе өмірбаян туралы сұхбат емес. Бұл оқушының алдына жайылған тағылымы өте мол өмір философиясы дер едім. Өйткені, Президенттің айтқан әр сөзінде жан-дүниеңді қозғайтын терең толғаныс, ой жатыр», - деді ол.

Академик өз сөзінде Елбасының «Бұл кітапты еліміздің болашағын қалайтын, жерімізді аялайтын, қорғайтын жас қазақстандықтарға арнап әңгімелеп шықтым», деген сөзін мысалға келтіріп өтті. Сонымен бірге ол Қазақстан Президентінің тағылымы мол, өнегелі өмір жолын жастарымыздың оқып-біліп жүргені дұрыс, деген ойын білдірді.

«Осы сұхбат кітабы балаларымыздың, жастарымыздың патриоттық санасын өсіруге өте құнды құрал болары ешқандай күмән тудырмайды», - деді К.Сағадиев.