Жоба авторы - «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы, Президенттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Қали Сәрсенбайдың айтуынша, Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы Алматымен байланысты. Барлық мемлекеттік рәміздер осы жерде өмірге келді. ҚР қиын жолдан өтті және бүгінде біз Батыс пен Шығыстың сеніміне ие болдық.
Кітапта ел тәуелсіздігінің қалыптасуы және дамуы, ондағы елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызы мен рөлі бейнеленген, сонымен қатар Алматы қаласының соңғы онжылдағы даму кезеңдеріне баса назар аударылған.