деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Босаған білім гранттарын алу конкурсына еліміздің 79 жоғары оқу орны қатысты. 3500 грантқа 5368 студент ұсынылып, олардың ішінен ҚазҰТУ-дың 65 студентінің бағы жанды.Оның 39-ы вакансиялық білім беру грантын иеленсе, 26 студент қосымша білім беру гранттары иегерлері атанды. Босаған білім гранттары өткен оқу жылында өздерінің гранттарынан белгілі себептермен бас тартқандардың есебінен жинақталған», деді Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың оқу-әдістеме жөніндегі проректоры Шыныбай Байысбеков.
Босаған білім гранттарына ие болған студенттерге 9375 теңге мөлшерінде шәкіртақы төленеді. Сондай-ақ оларға жазғы және қысқы демалыс кезінде қалааралық теміржол және автомобиль көліктерінде жеңілдікпен жүруі үшін 5092 теңге өтемақы төленеді.