Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Алматыда болған «Шекарасыз ғылым мен инженерлік білім» халықаралық форумында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елбасымыз Н. Назарбаев бүгінгі Қазақстанның әлемдік қауымдастықта өз орнын алуында техника ғылымының ерекше орнын атап кеткен болатын. Осы орайда Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің еліміздің экономикасын дамытудағы орны ерекше деп айтар едім. Қазіргі таңда Алматы қаласында орналасқан ұлттық университет, еліміздегі бүкіл техникалық университеттердің нағыз орталығына айналуы қажет. Қазір сіздер мен біздерге жоғары талап қойылды, сол талапқа орай сапалы білім беру, сапалы мамандар даярлау - барлығымыздың ортақ мақсатымыз. Елбасымыздың қойып отырған жоғары талабын бірлесе өтеуіміз қажет және жұмысты жаңа талапқа сай қоюымыз керек», дейді министр.