Қ.Саудабаев өз сөзінде Ауғанстандағы тұрақтылыққа көмектесу мен қайта құрастыру жөніндегі ЕҚЫҰ қазақстандық төрағалықтың ұсыныстарын, сондай-ақ екіжақты негізде көрсетілетін Қазақстанның гуманитарлық көмегі жайын баяндайды деп күтілуде. Аталмыш сапар қазақстан-ауғанстан ынтымақтастығы дамуындағы, сонымен бірге Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы бағыттарының алға басуындағы маңызды қадам болды.
Сапар аясында Қ.Саудабаевтың Ауғанстан Президенті Камид Карзаймен және осы елдің Сыртқы істе министрі Залмай Расуловпен, бірқатар елдердің делегациясымен және халықаралық ұйымдар басшыларымен кездесулері жоспарланған.